БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВА, КАСПИЙ ӨҢІРЛІК ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ: ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМ – ТЕҢДЕССІЗ ЖОБА

Елордамыз – Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен партияның кезектен тыс XVII съезінде  сөз сөйлеу бақыты маған да бұйырды.

 

Алқалы жиында Елбасы ұсынған баршаға бірдей тегін кәсіптік білім беру бағдарламасының Қазақстанды кәсіби елге айналдыратын теңдессіз жоба екеніне тоқталдым.

Жас ұрпақты техникалық кәсіпке баулитын 780 колледжде еңбек ететін 38 мың ұстаз бен жарты миллион шәкірттің атынан Елбасына зор алғысымды білдірдім. Өйткені, Қазақстан үшін ең қажетті мамандар –  техникалық кәсіп иелері Елбасы жолдарын ашқан мыңдаған жас «Нұрлы жолды», индустриялдық даму бағдарламасын жүзеге асырушылар  болып табылады.  

Сондай-ақ, өзім басшылық етіп отырған колледж 15 мамандық бойынша білім беретінін, шәкірттерінің кез келген шетелдік маманмен бәсекеге  түсіп, болашақ жұмыс орындарын таңдай алатыны, қазір Атырау өңіріндегі трансұлттық компаниялардың өздері білікті мамандарды алыстан іздеп әуре болмайтынын атап айттым.  

Съезд басталған сәттен Мемлекет басшысы залға жарқырай еніп, төгіле сөйледі. Жиналған жұртқа сарқылмас қуат пен мызғымас сенім берді. Сондықтан, бүгінгі уақытша кедергілерді жеңіп, болашаққа тың қарқынмен аяқ басуымыз керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз