Музыкалық академияда театрландырылған көрініс қойылды
Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академия өнерпаздары Наурыз мерекесіне орай театрландырылған қойылым ұсынды.
«Көпшіліктің көңіліне жылу сыйлаған көктемнің лебіндей Көрісу дəстүрінің Ұлық мерекеге ұласуының өзіндік ерекше мəні бар. Тəуелсіздік жылдары төл руханиятымыздың дамуы мен кемелденуіне айрықша көңіл бөлініп, ұлттық қазынамыз, тарихи құндылықтарымыз бен халқымыздың салт-дəстүрі кеңінен дəріптеліп келеді. Ұлттық сананың жаңғырып, болмысының түлеуінде Наурыз мерекесі маңызды құбылыстың бірі болды. Адамзат тарихындағы көне мерекелердің бірі – адамдарды ұлт пен дінге, діл мен тілге бөлмей, қайырымдылық, ізгілік жəне мейірім сынды ізгі қасиеттерге біріктіреді» деді аймақ басшысы.
Мерекелік жиын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау сөзімен басталды. Бұл жерде ақшаңқан киіз үй тігіліп, беташар, тұсаукесер сынды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер қойылды.
Диас НАУРЫЗӘЛИЕВ