«Нұрлы жер» аясында көпбалалы отбасылар үшін жеңілдік бола ма?

2017102510590379112 2017091910162365805 nzh logotip Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы баспана саны артуы мүмкін. «Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді» деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  агенттігі.

37ca6ec92586c1b6a7df75a40cb7b636 L

  «Біз осындай отбасыларға (көпбалалы – ред.) қосымша пәтерлер салу үшін қаражат іздеп жатырмыз. «Нұрлы жер» бойынша жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, олардың санын екі – үш есеге көбейту керек… «Нұрлы жер» бағдарламасына көпбалалы жанұялар үшін арнайы бөлім қосуды ұсынып отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда 28 мың көпбалалы жанұя жергілікті органдарда арендалық баспана кезегінде тұр. Жалдау құны баспананың әр шаршы метріне 100 теңгені құрайды. «Яғни, екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны 8-10 мың теңге ғана. Бұл әлеуметтік аз қамтылған жандар үшін ыңғайлы баға. Өткен жылдары көпбалалы жандарға 500-700 пәтер берілетін. Енді Елбасы тапсырмасымен арендалық баспананы қаржыландыруды 35 млрд. теңгеге дейін ұлғайттық. Енді 4 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл кезекте мүгедектер, жетім балалар, ауған соғысының ардагерлері бар – санаттар өте көп», – деп нақтылады министр  Жеңіс  Қасымбек.   

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз