Жаңалықтар
Мұнайлы мекенде кәсіби-техникалық маман тапшы
Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Қазіргі таңда мұнай-газ саласы, құрылыс және өзге де жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары.
Осы мақсатта мұнай-газ саласына маман даярлаушы жоғары техникалық колледжде семинар-тренингтер ұйымдастырылып жатыр. Таңдау босқа түскен жоқ, өйткені мұнда білім халықаралық оқу бағдарламасымен беріледі.
Қазір әлемдік деңгейдегі ірі мұнай-газ өндіруші компаниялары жергілікті колледждерге өздерінің соңғы үлгідегі технологиялары мен қондырғыларын алып келіп студенттерді үйретіп жатыр.
Ең бастысы, бұл жоба тегін әрі колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына қажетті сертификаттар да табыс етіледі. Ал өздерінің білімі мен біліктіліктерін дәлелдей алған студенттер диплом алысымен жұмысқа қабылданады.