IMG 20190712 WA0035

Халық қалаулысы атыраулық ақ халаттылармен кездесті (+ФОТО)

Жаңалықтар Саясат ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/18 шілде, 2019 жыл. Атырау өңіріне арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Сапарова жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерде болып, еңбек ұжымымен кездесулер өткізді. Аймақта мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан жобалардың жайына назар аударды.

   «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына қабылдауға келген тұрғындармен кездесті. Депутатқа арнайы ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы жоспарларды талқылады. Тұрғындар өтініштерін болашақта шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Әлия Сапарова бұдан соң облыстық ауруханаға бас сұғып, халыққа медициналық қызмет көрсетудегі жұмыстың жайымен танысты.

   Мәжіліс депутаты аймақтың «Жасыл ел» белсенді жастарымен және Атырау мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Исатай ауданының Жанбай ауылында тұрғындар көтерген жайттарға назар аударған депутат күрмеуі қиын мәселелерді шешудің заңдылықтарын түсіндірді.  Ол атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау және жалақы өсіру төңірегіндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының жергілікті жерде орындалуына баса назар аударды. Жиын соңында тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

                                                                                  Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

IMG 20190712 WA0026
IMG 20190712 WA0029
IMG 20190712 WA0034
IMG 20190712 WA0043
IMG 20190712 WA0037
IMG 20190712 WA0039

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған