Атырауда нәрестенің бетін тіліп «емдеген»: министр жағдайға қатысты пікір білдірді

2023 01 26 018ab070 f51b 4af3 9beb 5e3b19ba340e Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп «емдеген» жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүгінгі менің көзқарасым бойынша, адамдар баламалы медицинамен айналысады. Егер олар медициналық көмек көрсетсе, лицензия алуы қажет (қызметіне. – еск.) және лицензияланған қызмет түрін көрсету керек. Бүгінде лицензияланған медициналық көмек түрлеріне хиджама жатпайды. Сондықтан, бүгін комитет бұл деректі анықтап жатыр, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта бұл мәселелерді (бақылауға. – еск.) аламыз», – деді министр Сенат отырысында журналистер сұрағына жауап беріп.

Атырауда баланың бетін тіліп «емдегені» туралы ақпарат бұған дейін «НеМолчиKZ» қорының парақшасында пайда болды. Қор өкілдерінің айтуынша, процедура хиджама орталығында жүргізілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз