
Жаңалықтар
Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді
Аtr.kz/15 мамыр, 2019 жыл. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.
Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,04 долларға артып, 10,99 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,74 долларға жоғарылап, бір баррелі 61,78 доллар болды.