Атырауда «Сергек» бейнекамералары кезең-кезеңімен іске қосылады

image 04 03 20 11 24 Жаңалықтар

Atr.kz/4 наурыз, 2020 жыл. Бүгінгі таңда бейнекамераларды орнатып, жүйеге қосу жұмыстары жалғасып жатыр. «Көркем телеком» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сергек» жобасы үш мыңға тарта камерадан тұрады, оның 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын болады. Бұған дейін орнатылған 750 бейнебақылау камерасы да жүйеге қосылады.

Ал, жолдың желілік учаскелеріне 612 камерадан орнатылады. Сондай-ақ, жоба полицейлерге арналған 100 мобильді жұмыс орнын және 10 эко метеодатчиктерді қарастырып отыр.

 – Жоба кезең-кезеңмен іске қосылады: наурыз айында басталып, бірнеше ай көлемінде жалғасады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу және айыппұл салу жүйесін іске қосу туралы өкілетті органдар қосымша хабарлайтын болады, – дейді компанияның баспасөз қызметі. Яғни, әлеуметтік желілерде тараған түрлі жалған хабарламалар шындыққа еш жанаспайды.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/қasym-zhomart-toқaev-mereke-kүnderine-қatysty-tәrtipti-қajta-қaraudy-tapsyrdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз