Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда иесіз қалған ұңғыма жер асты суына толған

Атырауда Таңдай ауылындағы «Лиман» учаскесінің аумағындағы иесіз қалған ұңғыма жер асты суына толған. Бұл туралы Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлады.

WhatsApp Image 2018-06-06 at 16.38.14

1964 жылдан бері иесіз қалған ұңғыма «Ембімұнай» АҚ-ы балансында болып, кейін мемлекеттің иелігіне өткен.

Ал 2010 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ аталған ұңғыманы жою жұмыстарын жүргізген. Алайда, ұңғыма сағасының болмауына байланысты, оны жою мүмкін болмаған.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Кеңес Одағы кезінде бұрғылау қондырғысы жер астына батып, нәтижесінде шұңқыр пайда болып, жер асты суы көтерілген. Оның бетіне мұнай пленкасы пайда болған.

Биылғы жылы энергетика бірінші вице-министрі М.Досмұхамбетовтың төрағалығымен апаттық мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды жою мәселелері жөніндегі кеңес өткен болатын. Кеңесте ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен 2018 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында «Лиман» учаскесіндегі K-30J және ET-4 ұңғымаларын жою үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілгені айтылған.

Экология департаменті мен «Ембімұнайгаз» АҚ мамандары барлық иесіз қалған, соның ішінде «Лиман» учаскесінде орналасқан ұңғымалардың жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізуде. Ал мамандар жер асты суы толған шұңқыр қоршаған ортаға қауіп тудырмайтындығын айтады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button