Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Мұнай бағасы едәуір қымбаттады

Atr.kz/21 маусым, 2019 жыл. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,43 долларға қымбаттап, 64,7 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 2,89 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,65 доллар болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button