Мұнай экспорттауда Атыраудың үлесі зор
Еліміз мұнайдың 56%-ын экспортқа шығарып отыр.
«Осы ретте Атырау облысының қосып отырған үлесі зор» дейді «Bolashak Petroleum Club» клубының төрағасы Жәнібек Катренов.
» Көптеген мұнай кен орындарында шикізат қоры таусылып келеді. Бұл өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте, геологиялық барлау ісіне назар аударуды ұсынамын. Шикізат қорынан хабардар болуымыз үшін жаңа технологияларды енгізіп, ғылымды дамытып және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға назар аударғанымыз жөн. Әсіресе, студенттерге ғылыммен айналысуға мүмкіндік беруіміз керек. Мұнай — кен орындарында қанша шикізат қоры барын дұрыс анықтап, есептеуге міндеттіміз. Өйткені, кейбір кен орындарында есеп өз деңгейінде жүргізілмейді, — деді спикер Жәнібек Катренов.
Атап өтерлігі, клубта табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатындағы өзекті мәселелер талқыға салынатын болады. Нақты ұсыныстар еліміздің Энергетика министрлігіне жолданады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ