Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Муай-тайда шетелдіктер атыраулықтардан ойсырай жеңілді (ФОТО)

Атырау қаласында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, профессор Аманқұлов Әмен Сәбитұлын еске алуға арналған муай тайдан кәсіпқойлар арасында мемориалды халықаралық турнир өтті.

IMG_2881-04-09-17-16-34

Дүбірлі доданы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Елухан» Қазақстан Республикасы Муай-тай федерациясы және Муай-тай федерациясының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

IMG_2882-04-09-17-16-34

Турнирде қазақстандық муай тай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластарымен күш сынасты. Аталған жарыста тартысты жекпе-жекке еліміздің 9 спортшысы бағын сынады. Залға жиналған көрермендердің қарасы көп болды.

ANU_8117

Айтулы шараны аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев ашты.

ANU_8332

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: спорт – игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптастады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады деген болатын. Міне осындай шараларды жүзеге асыру бағытында жастардың бойына күш жігер, өмірге деген құлшыныс, болашаққа деген сенімді қалыптастыру мақсатында облыста осындай дүбірлі додалар жүзеге асып жатыр. Соның бірі жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, профессор Әмен Сәбитұлына арналған муай-тайдан кәсіпқойлар арасында мемориалды халықаралық турнир атыраулықтар үшін үлкен қуаныш деп естептеймін. Бұл шара тек қана спортшыларды тәрбиелеп ғана қоймайды, сонымен қатар, Атырау облысының болашақ жұлдыздарын шығарады деген сенімім мол. Бүгінгі басталып жатқан спорттық додада сәттілік, әр спортшыға жеңіс тілеймін, – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

ANU_8561

Дүбірлі додада 54 кг салмақ дәрежесіндегі атыраулық Еламан Саясатов пен тайландтық Тащиби Саттауат бірінші болып өнер көрсетті. Алғашқы секундтардан-ақ басымдығын байқатқан атыраулық Еламан Саясатов екінші раундта талассыз жеңіске жетті. Айта кету керек, Еламан Саясатов Қазақстандағы алдыңғы қатарлы спортшы болып табылады. Әлем чемпионты, әлем кубогы, Азия ойындары, Азия чемпионатының күміс жүлдегері бүгін көптен күткен алтын жүлдесіне қол жеткізді. Ол жуырда өткен Польша елінде өтіп жатқан бүкіләлемдік ойындарда чемпион атанған.

ANU_8316

Екінші болып рингке көтерілген қазақстандық Алмаз Сәрсенбеков мен бразилиялық Фернандеслуз Джардел екеуінің тартысты жекпе-жегі нәтижесінде Алмаз Сәрсенбеков жеңіске жетті.

ANU_8293

– Спортта намыс пен рухтың биік болуы маңызды. Берілген уақытта қарсыласыңның бар психологиясын зерттеп білу – кәсіби маман ретіндегі ең алғашқы міндет, – дейді Алмаз Сәрсенбеков.

ANU_8154

Ал, төртінші болып жерлесіміз муай-тай спортынан жастар арасындағы әлем чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбіл Галиев пен бразилиялық Антонио Маркостың кездесуін айтуға болады. Небары екінші раундқа созылған жекпе-жекте Антониодан өкінішке орай Әбіл жеңіліп қалды.

ANU_8054

Әбіл чемпионаттарда жеті дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Ол қазір өз әкесі Мейрам Галиев негізін салған «Алан» клубында жаттығады. Әбілдің ағасы Ислам Галиев Атырау облысы құрамасының жаттықтырушысы болып қызмет атқарады. Тағы бір ағасы Ишан Галиев 10 дүркін ел чемпионы атанды. Әбіл мен Ишан қос ағайындылар қазіргі таңда ел намысын қорғап жүр. Доссорлық Галиевтар отбасы муай-тай спортында барлық жүлдені еншілеген.

ANU_8162

Төрт сағатқа созылған муай-тайда қазақстандық Николай Самусев пен кездескен африкалық Розвел Джарридің, қазақстандық Намик Нефталиев пен қолғап түйістірген бразилиялық Хауторис Фабианоның айқасы да өте сәтті болды.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button