Әли Оқапов атыраулық бойжеткенмен отбасын құрды (+ФОТО)

img 20200819 wa0080 Жаңалықтар

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Алғаш Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан еліміздің Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, әрі биші Әли Оқапов атыраулық ару Ақерке Бүркітбаймен отбасын құрды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналистер жарыса жазуда. Кеше қалыңдықтың шаңырағында өткен қыз ұзату тойының сәттері әлеуметтік желіні шулатты.

Ақеркенің өзі де қаражаяу емес, өнерлі отбасы өкілі. Қазір «Асыл» тобының құрамында өнер көрсетеді. Оның әкесі – белгілі дәстүрлі әнші, еліміздің Мәдениет саласының үздігі Пахаман Құттымұратов.

Осылайша, 29 жасар Әли ақ Жайықтың Ақеркесімен бірге жаңа өмірге қадам басты.

img 20200819 wa0079
img 20200819 wa0048
ali tasqynuly okapov
2914e23569f8123f7d28c6e606adba61
img 20200819 wa0081
https://www.instagram.com/p/CECbQMfHfGD/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз