Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Мотоциклмен киік қуған атыраулық тұрғын ұсталды

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысының полицейлері Құрманғазы ауданында мотоциклмен киік қуған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Егінқұдық ауылының тұрғыны мотоциклмен далада киікті қуып құлатқан.

«Полиция қызметкерлерімен күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде киіктің еті мен мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді»- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button