АТЫРАУ: Қаладағы құрылыс қарқыны қалай?

img 20201217 wa0033 Жаңалықтар

Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес, əкім орынбасары Қайрат Бекенов облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Талғайраң ықшамауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша сыртқы инженерлік желілердің жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, жалпы тұрғын үй кешенінің құрылысын 2021 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуін қамтамасыз ету жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді.

Аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, құрылыс барысы облыс əкімінің ұдайы назарында болатындығы атап өтілді.

Сондай-ақ, Қайрат Бекенов Атырау қаласының сол жақ бөлігіндегі кəріздік тазарту бекеті құрылысының жұмыс барысымен танысып, жыл соңына дейін негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарын толықтай аяқтауға және келер жылдың алғашқы жартыжылдығында толық іске қосуды бақылауға алу жөнінде тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.

img 20201217 wa0034
img 20201217 wa0032
img 20201217 wa0026
img 20201217 wa0031
img 20201217 wa0029
img 20201217 wa0028
img 20201217 wa0027
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз