Атыраулық кикбоксшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

whatsapp image 2019 12 04 at 09.16.20 Жаңалықтар

Atr.kz/4 желтоқсан, 2019 жыл.  Түркияның Анапа қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында Атыраулық Жандос Назарбеков жеңімпаз болды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 
Екі жылда бір рет өтетін әлем біріншілігіне Жандос Назарбеков 60 келі салмақта – 2017 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы – айқын фаворит ретінде келді.
Жандос іріктеу кезеңдерінде Марокко, Норвегия және Қырғызстан елдерінің өкілдерін ұтса, ақтық сында украиндық қарсыласынан басым түсті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз