Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Миына ота жасалып жатқанда скрипка тартқан науқастың видеосы желіні жарды (+ВИДЕО)

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Скрипкашы Дагмар Тернерге 2013 жылы мида ісік бар деген диагноз қойылған. Ота 2019 жылдың 31 қаңтарында жасалды.

Музыкант әйел операция кезінде скрипка тартып жатқан. Миға жасалған ашық операцияның видеосы The Guardian сайтының YouTube арнасында жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Лондондағы Корольдік колледж ауруханасында 53 жастағы музыканттың миына операция жасалды. Науқас операция кезінде скрипка тартып жатты.

«Медициналық топ 53 жастағы науқастан ота кезінде аспапта ойнауын сұраған. Сол арқылы қолдың қимылы мен координациясын басқаратын ми бөліктеріне зақым келмеуін бақылауды ойлаған», — делінген сипаттамада.

Скрипкашы Дагмар Тернерге 2013 жылы мида ісік бар деген диагноз қойылған. Операция 2019 жылдың 31 қаңтарында жасалды. Нәтижесінде дәрігерлер мидағы ісікті алып тастады.

http://atr.kz/bez-rubriki/ministrlik-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar%d2%93a-8-elge-barmau%d2%93a-ke%d2%a3es-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button