ИНДЕРДЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ

- Сіз бен біздің бүгінгі әңгімеміз болашақта Индер ауданында салынуы жоспарланып отырған «Гибридті күн электростансасы мен жылыжай кешені құрылысы» жобасын жүзеге асыру төңірегінде өрбімек. Атауынан айқындалып тұрғанындай, күн энергиясы мен ауыл шаруашылығында осындай жобаларды іске қосу жайында Елбасының қазақстандықтарға арнаған кезекті Жолдауында, одан қалды Үкіметке берген тапсырмасы мен Ұлт жоспарында да айтылып, нақты тапсырмалар берілген. Бельгиямен бірлескен осы жобамыз, сол Мемлекет басшысы жүктеген міндетті атқарудың бастапқы қадамы. Бұған дейін бельгиялықтар тарапынан да, сол сияқты Қазақстан жағынан да сарапшылар командасы үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Мұның өзі ауқымды жоба құрылысының негізгі кезеңіне көшіп, оны мейлінше қысқа мерзімде игілікке берудің алғышарты болып табылады. Сондықтан бастамаға сәттілік тілеймін,-деді облыс әкімі.

Баяндалғанындай, осы мақсатта «SOLTECH Қазақстан» бірлескен кәсіпорнын құру ар-қылы қолға алынғалы отырған жоба бірнеше бағытты қамтып, оны жүзеге асыруға мердігер мекемелер тартылмақшы. Жоғарыда айтылып кеткендей, алдымен күннен қуат алатын электр стансасы мен жылыжай кешенін (жалпы құны 92 млн.АҚШ долларын құрайды) салу көзделген. Келесі кезекте, жылыжай шаруашылықтарында тағамдық томаттар мен салат дақылдарын баптап-өсіру, бағалы балықтар өндірісін дамыту, келешекте экспортқа шығару үшін түйе сүтін қабылдау орталығын ұйымдастыру қарастырылған. Бұған да инвесторлар тобының қолдауымен 20 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат тартылмақ.

Қабылдауға қатысушыларды осындай жайлардан хабардар қылған жоба акционерлері-«SOLTECH» компанияның (Бельгия) бас менеджері Мишель Каллерами, тете-президенті, директоры (Қазақстан жағынан) Жером Альба, даму жөніндегі директоры Фабьен Конт және басқалары өздерінің ойларымен ортақтасып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Қазақстан Үкіметі мен аймақ басшылығы тарапынан тиісінше қолдау көрсетілген жағдайда, жобаны іске асыруға қолбайлау, кедергілердің болмайтындығын, межеленген мерзімінде бастап, бітіруге мүмкіндік туатындығын жеткізді.

Соңынан тараптар аталған жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде жасалынған Меморандумға қол қойды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз