Канал түбі қазылып жатыр

screenshot 9 2 Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КАНАЛДАРДЫҢ ТҮБІ ҚАЗЫЛЫП ЖАТЫР.

Қ ұ р м а н ғ а з ы  а у д а н ы əкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы 243,5 шақырым каналдың түбін тереңдетуге тапсырыс берілген. Ресеймен шекарадағы Қиғаш өзеніне келетін судың көлемін арттыру жəне гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр Құрманғазы ауылдық округі бойынша 243,5 шақырым каналдың түбін қазуға ұсыныс берілген болатын. Шарон өзенінің 127 шақырымында түп тереңдету жұмыстары аяқталған.

– Қазір бірінші кезекте каналдардың 99,6 шақырым түбін тереңдетуге жоба жасақталып, мердігер ретінде таңдалған «Павлодар өзен порты» АҚ қазу жұмысын бастады. Ал, 143 шақырым бойынша жобалық сметалық құжаты жасақталып жатыр, – дейді аудандық құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

О н ы ң  а й т у ы н ш а , Панкрашин-1 каналының 508 метрі, Панкрашин-2 каналының 1,6 шақырымы, Ленивый-1 каналының 2,4 шақырымы тереңдетілген. Енді Ленивый-2 каналының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Ресеймен шекарадағы ауданда каналдардың түбін тереңдету жұмысына 33 жұмысшықызметкер мен 10 экскаватор тартылған. Аталған жұмыстар 2024 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Б ұ ғ а н  д е й і н А т ы р а у экологтары Ресеймен шекарадағы Қиғаш өзені суының сапасын тексерген еді. Бұған жақында Ресейдің Волгоград облысындағы Еділ өзеніне кəріздік ағын су жіберілгені себеп болған.

– Ресеймен шекарадағы Қиғаш өзенінен су сынамалары 10 компонентке байланысты алынды. Оның ішінде азот, сульфат, нитраттар, мұнай өнімдері, хлорид жəне басқа да құрамдас бөліктер бойынша іріктелді. Тексеру нəтижесінде Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің с у ы н д а  н о р м а т и в т е р д і ң  белгіленген шамадан асу дерегі тіркелген жоқ, – деді Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Сырым Тілегенов.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз