Жарнама
Жаңалықтар

Министрлік желіде тараған видеоға түсінік берді

Atr.kz/28 ақпан, 2019 жыл. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіге тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

20190228130016

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Атырау облысында торта балықтың жаппай уылдырық шашқандығы туралы видео материал таралуда. Бұл Атырау облысы емес екендігін ресми хабарлаймыз. Видео Ресейдің Астрахань облысында түсірілген. Бұл материал ресейлік көптеген топтар мен парақшаларда жарияланған. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында мұз әлі ери қойған жоқ», — деді жазды ол Фейсбуктегі парақшасында. Оның атап өтуінше, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі испекциясының мамандары Жайық-Каспий бассейнінде тұрақты мониторинг жүргізеді. «Мұндай материлдарға тап болсаңыздар ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне жүгінулеріңізді өтінеміз. Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7172) 74 94 81», — деді Сәкен Ділдахмет.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button