Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БілімЖаңалықтар

Министрлік қай мектептердің дәстүрлі форматта оқуды жалғастыратынын айтты

Екінші тоқсаннан бастап, оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі.

Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды аяқтап, 5-14 қараша аралығында күзгі демалысқа шығады.

Екінші тоқсан 15 қарашада басталады. Білім және ғылым министрлігі екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артатынын хабарлады.

Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

Осылайша, екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

  • қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;
  • дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

— 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

— шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button