dsc 0160 2048x1369 1

COVID-19: Дүкенде ұзақ уақыт кезекте тұруға болмайды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/2 қараша, 2020 жыл. Бельгияның федералдық денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбруке жергілікті тұрғындарды «артық сауда жасамауға» шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі.

Биыл 2 қарашадан 13 желтоқсанға дейін елдегі карантин шараларының күшеюіне байланысты көптеген бельгиялықтар дүкендерде ұзын-сонар кезекке тұрып, түрлі тауарлар сатып ала бастады. Осы аптада-ақ ірі супермаркеттерде қажетті тауарларды жаппай сатып алу басталды. Сондай-ақ, «Ikea» жиһаз дүкендерінде, «Decathlon» спорттық дүкендерінде және киім-кешек, электр тауарлары мен басқа да сауда орындарында халықтың көп жиналуы байқалды.

«Егер бұл аса қажет болмаса, дүкенге топтасып бармаңыздар», – деді Ф.Ванденбруке.

Министрдің айтуынша, карантин кезіндегі ұзын-сонар кезектер «қауіпті», бұл инфекцияның одан әрі тарауына ықпал етеді. Сонымен бірге, Ф.Ванденбруке азық-түлік пен қажетті бастапқы заттар сататын дүкендер ашық қалатынын айтты. Барлық дүкендер онлайн режимде тапсырыс қабылдап, үйге дейін жеткізе алады.

2 қарашадан бастап Бельгияда қатаң локдаун басталады: дүкендер (азық-түлік дүкендерінен басқа), сұлулық салондары, шаштараздар жабылады. Спорттық, мәдени шаралар тоқтатылды. Қызметкерлердің көпшілігі қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Адамдардың көшеде кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін жүруіне тыйым салынады.

201101195620293a3713333i

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған