Министр Балаева атыраулық зағиптармен кездесуде не айтты? (+ФОТО)
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінде болып, өмірге деген ерік-жігері мықты жандардың қоғамға тигізіп жатқан игі істерімен танысты.
«Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жолдасқали Ғұмаровтың айтуынша, ғимаратта 13 түрлі тағам ұсынатын цех жұмыс жасауда. Екі «Газель» автокөлігі алынған. Алдағы уақытта бұл көліктермен инватакси жұмысы ұйымдастырылады.
— Облыста 22 мың мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 9 мыңы — зағип жандар. Аталған бірлестіктің мүшелігінде 180 адам бар. Олармен бірлесе жасалып жатқан жұмыс аз емес. Мақсат пен жоспар да көп. Алдағы уақытта осы нысаннан арнайы кітапхана ашу ойда бар. Орталықтың жұмысын ұлғайтсам деймін,- деді Ж.Ғұмаров.
Алтыншаш Құрмашева
Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ