Абай күні: Атыраулық әртістер автобустарда Абай әндерін шырқады (+ ВИДЕО)

125225435800 Жаңалықтар

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының жас актерлары №14 пен №2 бағытта қатынайтын қоғамдық автобустарға кіріп, Абай шығармаларын орындады.

Екі топқа бөлінген Жастар театрының әртістері Абай өлеңдерін жатқа оқып, домбырамен ән шырқады.

Оларға қырық жылдан бері театр сахнасында өнер көрсетіп жүрген актриса Сәуле Байменова жетекшілік жасады.

Күтпеген тосынсыйды жылы қабылдаған жолаушылар да ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқып, әнге бірге қосылды.

Бүгін кешке театр ұжымының аға және орта буын өкілдері кемемен жүріп өнер көрсетеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз