191230103543341e

Министр «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын атады

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл.  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы түбінде «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуге сәйкес үш нұсқамыз бар.

Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші – әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі.

Бүгінде 5-6 техникалық сараптама жүргізілу үстінде.

Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздің сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейін нәтижесін айтамыз», – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, ұшақтың екінші ұшқысы, бір бортсерік қазіргі уақытта ауруханада реанимацияда жатыр. Ал қалған екі бортсерік ұшақтың артқы бөлігінде отырғандықтан аман қалды.

 Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған