Жарнама
Жаңалықтар

Миялылық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, олардың өмірге деген құштарлығын арттыру парыз. Бұл ретте кәсіпкер, «Миялы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Мұратовтың еңбегі зор. Ол Миялы ауылынан арнайы цех ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған цех кереует, үстел, шкаф сияқты жиһаздар жасап, жұмсақ жиһаздарға тігін тігеді. Кәсіпкердің айтуынша, өнім тапсырысқа байланысты шығарылады. Өндіріс шамамен айына 4-5 өнім шығарады.

— 2021 жылы аталған сала бойынша жұмысымды бастаған болатынмын. Бүгінде үйімнің жанындағы ғимаратты цех қылып ашып алдым. Мұнда жиһаз жасауға қажетті барлық құрал-жабдықтар бар. Алайда, ешқандай бағдарламаға қатысып, несие алып көрмеппін. Алдағы уақытта цех көлемін ұлғайтып, мүмкіндігі шектеулі азаматты көптеп тартсам деген жоспарым бар. Қазіргі уақытта 16 қызметкер жұмыс істесе, олардың 12-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Ерекше жандарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы жұмысқа қабылдадым, — деді ол. 

Мұнда бірыңғай мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет етеді. Солардың бірі І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Махамбет Серікқалиев.

— Бала кезімнен әртүрлі заттарды құрастыру, оларды ойлап табу өзіме ұнайтын іс. Қазіргі жұмысым дайын тақтайларды бұрғылау құралының көмегімен біріктіру. Осы жерде отырып жұмысымды жүргізе беремін. Ауданға қарасты ауыл тұрғындарынан бірнеше тапсырыс қабылдап отырған цех тұтынушы талабын толық қанағаттандырып келеді,- деп ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button