Атыраулық белсенділерге мемлекеттік марапат табысталды (+ФОТО)

img 20220325 wa0093 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірқатар мемлекеттік награданы иелеріне табыстап, ел басына күн туғанда жанашырлық танытқан азаматтарға алғыс білдірді.

«Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл еліміз үшін күрделі оқиғалармен басталды. Атырау жұртшылығы қиын сәтте қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, ыңтымақ пен бірлігімізді көрсете білдік. Бүгінгі таңда халқымыздың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар істелуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Жаңа Қазақстанды құруға жол ашатын маңызды бастамаларды ұсынды. Мұның бәрі – еліміздегі саяси реформаларды жандандыру мен мемлекетімізді дамытуға бағытталған. Жалпы мемлекеттің өсіп-өркендеуі — елдің тұтастығы мен азаматтарымыздың қажырлы еңбегіне, сондай-ақ елге деген патриоттық сезімдеріне негізделеді. Осы орайда, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ерекше құрметіне ие болғандар қатарында облысымыздың Құрметті азаматы, «Парасат» пен «Отан» ордендерінің иегері Илья Жақанов «Қазақстанның еңбек ері» атанды. Бұл біздің өңір үшін – зор мәртебе, мол қуаныш» деп атап өтті Махамбет Жолдасқалиұлы.

img 20220325 wa0096
img 20220325 wa0085

Атап айтқанда, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық резервін дайындау орталығының еркін күрестен аға жаттықтырушысы Айдос Лекеров, Жылыой ауданының қоғам белсендісі Дайрабай Елдесбаев және жоғары спорттық шеберлік мектебінің нұсқаушысы Дастан Қарасаев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Атырау облысы бойынша жастар ісі жөніндегі секторының меңгерушісі Дәурен Арапбеков, «SolarA.kz» серіктесгінің директоры Әсел Жолмұханова, «Еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрлан Усеев және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының құрылтайшысы Айгерім Досқалиева «Шапағат» медалін кеуделеріне тақты.

Ал, кәсіпкерлік саласында жемісті еңбек етіп, елеулі нәтижелерге қол жеткізумен қатар, әлеуметтік салаға да ерекше мән беріп, облыстағы көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық қолдау көрсеткен, ел игілігі жолындағы қажырлы жұмысы мен қайырымдылық қызметі үшін «Брандо» зауытының акционері Махмуд Миралиев ел Президентінің Алғысын иеленді.

(Марапат иелерінің еңбегі мен ерлігі жайында толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220325 wa0080
img 20220325 wa0082
img 20220325 wa0083
img 20220325 wa0095
img 20220325 wa0094
img 20220325 wa0091
img 20220325 wa0090
img 20220325 wa0089
img 20220325 wa0086
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз