Атырауда жалған нөмірлі шетелдік көлік анықталды

kueune Жаңалықтар

Атырауда шанақ (кузов) нөмірі жалған шетелдік көлік анықталды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

– Атырау қаласында тұратын 1949 жылғы тұрғыны арызданды. Оның арызында көрсетілгендей, қайтыс болған күйеуінің «Lexus LX» маркалы көлігін өз атына қайта ресімдегісі келген. Алайда, полиция қызметкерлері көлік құжатын ресімдеу Қызылорда облысында 2013 жылы дәл осындай үлгідегі автокөліктің тіркелгенін анықтады.

Сондай-ақ, автокөліктің шанақ және қозғалтқыш нөмірлері бірдей болып шықты. Азаматшаның айтуынша, күйеуі бұл автокөлікті 2006 жылы Алматы қаласынан сенімхат арқылы сатып алып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша Атырау қаласында өз атына рәсімдеген. Қазір екінші автокөлік Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды, – делінген Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз