Жарнама
Жаңалықтар

Миялыда 60 пәтерлік тұрғын үй салынуда

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бүгінде Қызылқоға ауданында ауқымды жобалар қолға алынып, халықтың игілігіне жарайтын құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – аудан орталығы Миялы ауылында үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы.  

— Құрылыс жұмыстары НКОК компаниясының қаржысымен  салынуда.  Тапсырыс беруші — облыстық Құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме «ТемирСтройСервис и Ко» ЖШС. Жоба құны 1,4 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылғы наурыз айында аяқталады деп жоспарланған, деді аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.  

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының алғашқы қадамдары басталған. Яғни шұңқырлары қазылып, іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 6 арнайы техникамен 25 қызметкер еңбек етуде. 

Айта кетейік, Қызылқоға ауданында 30780 халық болса, аудан орталығы Миялыда 7544 тұрғын бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button