Мерейгерге арналған турнир

Мерейгерге арналған турнир 1 Жаңалықтар

Өткен аптада Нұрсая мөлтекауданындағы спорт кешенінде волейболдан ерлер арасында еңбек, спорт және мәдениет салаларының ардагері, Махамбет ауданының Құрметті азаматы Махамбет Оңдағанидың 80 жасқа толуына арналған облыстық ашық турнир өтті.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b8%d1%80

Айта кетсек, бұл турнир бұған дейін Махамбет ауылының Алға ауылында дәстүрлі түрде өтіп келген еді. Ал, бұл жолы облыстық волейбол федерациясы аймақтық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырып отыр. Жарысқа тоғыз команда қатысты.

Жарыстың жеңімпазы болып «Атырау-Жарық» командасы танылды. Олар финалда облыстық волейболшы ардагерлерінің құрама командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Ал, бұған дейін түрлі жарыстарда топ жарып келген «Атырау мұнай өңдеу зауыты» командасына осы жолы қола жүлде бұйырды.

Турнирдің жабылу салтанатында Ардақ Ақбатыров «Үздік шабуылшы», Бауыржан Жандауов «Үздік тосқауылшы», Еркебұлан Мараймов «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша марапатталды.

Додаға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық волейбол федерациясының президенті Ғұмар Дүйсембаев жеңімпаздарды марапаттап, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар мерейжас иесінің немересіне 80-нөмірлі жейдеше табыстап, волейбол академиясына қабылдады.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз