Мереке құрметіндегі марапат

мереке курметиндегі2 Жаңалықтар

Н.Жантөрин атындағы филармонияда облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті. Оны департамент басшысы, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев ашты.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%962

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау хаты оқылды.

Атырау облысының ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция подполковнигі Ғалымжан Қазиханов Тұңғыш Президент күнімен және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен  құттықтай отырып, қажырлы да қайсар, отаншыл, батыл полицейлерге Отанымыздың өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс,  отбасы игілігін тіледі.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін бір топ қызметкерге арнайы «CASIO» маркалы қол сағаттары табысталды.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d0%b8

Қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция майорлары Руслан Сәдіров пен Сағындық Мәдірге мерзімінен бұрын  полиция подполковнигі шендері берілді.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция полковнигі Мырзалы Өтеғалиев, полиция майоры Қайрат Әбдіғалиевтер марапатталды. Сондай-ақ, ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен полиция полковнигі Ербол Оңғаров,  ішкі істер министрлігінің ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция майоры Ақлима Оңғарова, полиция капитаны Саламат Қалиевтер марапатталды. Полиция подполковнигі Дінмұхамед Қошақов ішкі істер министрлігінің грамотасына, полиция майоры Асхат Ермұханбетов Алғыс хатына  ие болды.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Абай Абылайұлы

Суретті түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз