Атыраулық жасөспірімдердің жарқын жеңісі (+ФОТО)

60446326 2425252311028479 3551247048172896256 o Жаңалықтар

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. 14-18 мамыр күндері Қызылорда қаласында кикбоксингтен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қуанышбек Қосақов бастаған Атырау облысы құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальға ие болды. Спортшылар кикбоксингтің лоу және фулл контакт түрлері бойынша сынға түсті.

67 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері Серікжан Сәлімгереев қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдеге ие болды. Тағы бір әлем чемпионатының жүлдегері Исламсанжар Төлеуғали 45 келіде күміс жүлдегер атанды.

48 келіде Нұрсұлтан Жұмабаев пен Роман Зубарев және 57 келіде Идеятов Мақсат қола жүлдеге ие болды. Қыздар арасында 48 келіде Жанғалиева Анель үздік үштіктен көрінді.

«Atyrau Sport» парақшасынан

60485308 2425252534361790 884495720873197568 o
60568984 2425252461028464 3221901499852390400 n
60340649 2425252404361803 2209430747289223168 o
60329948 2425252344361809 8068096018291359744 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз