АТЫРАУДА БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ НЕГЕ ТӨМЕН?

whatsapp image 2022 01 24 at 13 27 45 Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫ МҰҒАЛІМНІҢ БІЛІМ-БІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ. БІЛІМ ҰЯСЫНА АЯҚ БАСҚАН ӘР БАЛАНЫҢ САНАСЫНА СӘУЛЕ ШАШЫП, БОЛАШАҒЫНА НЕГІЗ БОЛАТЫН ДА – ОСЫ ҰСТАЗДАР. ӨЙТКЕНІ, ҰЛЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АЙТҚАНДАЙ, «МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ». ДЕГЕНМЕН, ОБЛЫСТАҒЫ БІЛІМ КӨРСЕТКІШІНІҢ ТӨМЕНДІГІ МЕКТЕПТЕН БАСТАП ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖҮЙЕНІ ҚОЛҒА АЛУ КЕРЕКТІГІН КӨРСЕТІП ОТЫР. СОҒАН ҚАРАП, БАЛАНЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН ЫНТАСЫНЫҢ ДА МАҢЫЗДЫ РОЛЬ АТҚАРАТЫНЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРА АЛМАЙМЫЗ. АЛАЙДА…

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ӘР ҰСТАЗ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАП, АТА-АНАНЫҢ ҮМІТІН АҚТАУЫ КЕРЕК БОЛСА, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ӘР ОҚЫТУШЫ ЕРТЕҢГІ МАМАНДЫ КӨРГЕНДЕ «МЫНАУ – МЕН ОҚЫТҚАН БАЛА» ДЕП ОНЫҢ АЛДЫНДА ЕҢСЕСІН ТІК ҰСТАУЫ ТИІС. ИӘ, БҰЛ – БҮГІНГІ БІЗДІҢ ӨҢІР ҮШІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ. СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АТЫРАУҒА ІССАПАРМЕН КЕЛГЕН «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ӘСЕЛ МҰХАМЕТЖАНОВАМЕН ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ СОЛ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ ЖӨНІНДЕ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

Contents
  1. – Әсел Зейноллақызы, мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Парламент Мәжілісіндегі сөзінде білім сапасын арттыру, әсіресе білім беру жүйесін сапалы кадрмен қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Ал, сіз Атырау педагогтарының біліктілігіне қандай баға бере аласыз?
  2. – Айтуыңыз орынды. Ал, облыста білім сапасын жоғарылату үшін педагог біліктілігін арттыру бағытында нендей тың бастамаларыңыз бар?
  3. – Облыста педагогтар тапшылығы бар. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары аса қажет. Жас педагогтарды ынталандыру бағытында қандай жаңа жобаларыңыз бар?
  4. – Жалақы мен сапаның арасында қандай айырмашылық бар? Жыл сайын педагогтар жалақысы көбейіп жатқанымен, сапа әлі де төмен. Бұл жауапкершілік мәселесін әлі де жетілдіре түсу керектігін білдіре ме, сіз қалай ойлайсыз?
  5. –Қазірмектептен толыққанды білімалаалмағандықтанақылы орталықтарға, репетитор көмегіне жүгінетін оқушылар көбейді. Ал, ата-аналардың барлығының бірдей балаларын ақылы үйірмелерге беруге жағдайлары жетпейді. Тіпті, мектеп мұғалімдерінің өзі репетиторға беру керектігін ашық айтатын болды. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Әсел Зейноллақызы, мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Парламент Мәжілісіндегі сөзінде білім сапасын арттыру, әсіресе білім беру жүйесін сапалы кадрмен қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Ал, сіз Атырау педагогтарының біліктілігіне қандай баға бере аласыз?

– Біздің облысқа келген мақсатымыз да осы мәселені талқылау болатын. Облыста, әсіресе, функционалдық сауаттылық мәселесі өзекті. Өйткені, атыраулық жоғары сынып оқушыларының 85 пайызының білім көрсеткіші төмен. Бұл педагогтардың кәсіби біліктілігінің де көрінісі. Осы жолы облыстық білім беру басқармасы өкілдерімен кездесіп, сапа төмендігінің себебін анықтауға тырысып көрдік. Жауапты басқарма мамандары бір ғана кәсіби маманмен мектептің сапасы көтерілмейтінін, сондықтан директордың жанында кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлер шоғырлануы, анығында, командалық жұмыс қажеттігін айтты. Бұл пікірге мен де толықтай қосыламын. Өйткені, мектепте өзге де мұғалімдерге қолдау көрсетіп, мәдениет пен ойлау қабілетін өзгерте алатын, жүйеге жаңалық енгізе алатын кем дегенде білікті 4-5 маман болуы тиіс деп есептеймін.

Осы сапарымда «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Айнаш Есімованы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының басшылығына тағайындадым. Айнаш Есенгелдіқызы – жоғары оқу орындарында кәсіби біліктілікті арттыру бағытында зерттеумен шұғылданған маман. Сондықтан, Атырау облысы педагогтарының біліктілік деңгейін көтеруге өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Жалпы облыстағы мұғалімдердің 80 пайызы – Атырау университетінің түлектері. Ал, білім сапасының көрсеткіші өздеріңізге мәлім. Әйтсе де сапаның төмендеуіне қатысты аспектінің бірі – ұзақ жылдар бойына бұл мамандықтың елеусіз, ескерусіз қалуында. Көзқарастың жеткіліксіз болуынан мамандардың да еңбекке деген құлшынысы азайған. Ал, салдары сапаның төмендеуіне әкеліп соқтырып отыр.

– Айтуыңыз орынды. Ал, облыста білім сапасын жоғарылату үшін педагог біліктілігін арттыру бағытында нендей тың бастамаларыңыз бар?

– Рас, педагогтар орталық филиалдарынан екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Одан кейін мектепте курстық қолдау жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Ха лықара лық тәжірибеге сүйенсек, курстан кейінгі қолдау – ең маңызды кезең. Мұғалім осы екі апталық курстан не алды? Меңгерген білік-дағдысын сабақ беру үрдісінде қаншалықты тиімді қолданып жүр? Енді осы мәселені анықтап, арнайы курс аяқталған соң 1-2 ай көлемінде қажетті жұмыстарды жүргіземіз. Екі апта оқытқаннан кейін мұғалімдермен байланысты үзіп алмай, оларды одан әрі бақылауға алып, кері байланыс орнатамыз. Ал, бұрынғы үрдіс бойынша екі апта ғана уақыт мұғалімнің біліктілігін дамытуға тым аз. Сондықтан, бұл – біздің бүгінгі күні маңыз беріп отырған ең басты жұмысымыз. Өйткені, дәл қазіргі сәтте «Өрлеу» үшін курстан кейінгі қолдау жұмыст арын жандандыру аса қажет. Бұл ең алдымен, жұмысымыздың нәтижесінің көрсеткіші.

– Облыста педагогтар тапшылығы бар. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары аса қажет. Жас педагогтарды ынталандыру бағытында қандай жаңа жобаларыңыз бар?

– Орталық ұстаздардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында тек мектептермен ғана емес, елдегі бірқатар ЖОО-мен де байланыс орнатуда. Мақсатымыз – сапалы маман даярлауға үлес қосу. Бұл бағытта арнайы тұжырымдама жасалды. Атап айтқанда, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітіруші курстың 182 студенті үшін педагогикалық практикадан өту бойынша оқу курстары өтті. Практикаға бағытталған курстың тақырыбы педагогтардың біліктілігін арттырудың деңгейлік және Қазақстандағы орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберіндегі біліктілікті арттыру курстары атты екі бағдарламаның симбиозын көрсетеді. Курс барысында студенттер оқу үрдісіндегі негізгі тәсілдерді талдап, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін, сыни ойлауды дамыту технологиясын зерттейді. Критериа лды баға лаудың құрылымы мен принциптерін және сол жүйенің мазмұнын зерттейді, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арна лған т апсырма ларды әзірлеуді үйреніп, формативті бағалау кезінде рефлексия және кері байланыс әдістерін қарастырады.

Сонымен қатар оқыту процесінде IT-технологияларды қолдануды үйренеді. Ұзақ мерзімді, күнтізбеліктақырыптық, орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақты жоспарлаудың әдістемелік конструкторы секілді жоспарлардың ерекшеліктерін негізге алады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бітіруші курстарының 700 студенті де «Жаңартылған мазмұн мен гибридті оқытуға» бағытталған курстан өтті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бітіруші курстарының 1 500 студенті де «Өрлеу» курстарын тәмамдады. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ жас маманға қолдау көрсету бағытында бірнеше кезеңнен тұратын арнайы бағдарлама әзірленді. Қазір Қазақстанда жас маманға көмек көрсету бағытында тәлімгерлік бағдарлама бар. Ол үшін тәлімгерлер қосымша төлем де алады. Алайда, олардың жұмыс жасау алгоритмі әзірленбеген, мүлде жоқ деуге де болады. Сондықтан жас маманмен қалай жұмыс жасау керек, оларға көрсетілетін қолдаулар, оның кезеңдері, жұмыс бағыты туралы арнайы бағдарлама дайындап, республика Білім және ғылым министрлігіне ұсындық. Қазір келісім жүргізіліп жатыр.

Жас маманға дұрыс бағыт-бағдар берілмегендіктен, олардың ісі де нәтижелі болмайды. Бастапқы кездегі қиындыққа төзбей, қызметтен кету туралы шешім қабылдап жатқандар да бар. Елімізде білім беру саласына келген жас мамандардың 70 пайыздан астамы жұмыстан кетуді жоспарлайды екен. Бұл – ойлануды қажет ететін үлкен мәселе. Оның үстіне маман тапшылығы тағы бар. Сол себепті жас педагогтарға дер кезінде дұрыс көмек көрсетілуі тиіс. Аталған бағдарлама қабылданса, тәлімгерлердің біліктілігін арттыру, цифрлық сауатын дамыту, заманауи құрылғыларды үйрету бағытында жұмыстар да қолға алынады. Шыны керек, «Өрлеуге» алғаш келгенімде жұмыс жасау бағдарламасының ұзақ жылдар бойы өзгермегенін көрдім. Сондықтан, бағдарламаның барлығы жаңартылып жатыр. 2021 жылы орталықта зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылым департаментін аштық. Қандай да бір бағдарламаны жүзеге асырмас бұрын ол осы департ аментте алдын-ала зерттеліп, зерделенеді. Қазір қай білім беру мекемесі болмасын, мақсатымыз бір, ол – кәсіби мамандар қатарын көбейтіп, білім сапасын арттыру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстарына маңыз беріп отыр. Осы өңірлердегі филиалдарға біз де жіті назар аударып, жұмысын жандандыра түсеміз.

– Жалақы мен сапаның арасында қандай айырмашылық бар? Жыл сайын педагогтар жалақысы көбейіп жатқанымен, сапа әлі де төмен. Бұл жауапкершілік мәселесін әлі де жетілдіре түсу керектігін білдіре ме, сіз қалай ойлайсыз?

– Өте орынды мәселе. Бүгінде мұға лімдердің жа лақысы көтерілді, қызметінен тыс функциялары алынып тасталды. Қандай жағдай қажет болса, барлығы жасалды. Дегенмен, сапа көрсеткіші көңілден шықпайды. Бұл – бүгінде министрлік алдында тұрған өзекті мәселе. Мұғалімнің мәртебесі бұрын мүлде назардан тыс қалғаны жасырын емес. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданған соң ол күндер келмеске кетті. Мұғалімдерге жағдай жасалған соң оның да қайтарымы болуы тиіс. Ал, ол – сапа. Ұстаздың құқығы заңмен қорғалады. Жалақы өсті. Сөйте тұра бірқатар педагогтар сертификаттарды сатып алып, категорияларын көтерту секілді «мәдениетті» әдеттерінен арылар емес. Аттестациялау үшін авторлық жұмыстар секілді қажетті құжаттарды да ақшаға айырбастап жатқандар кездеседі. Одан арылу үшін конкурстық үрдіс тиімді дер едім. Осындай жағдайларда мұғалімдерді конкурс арқылы қызметке қабылдаудың берер артықшылығы көп. Себебі, шын білікті педагог ол жерде өзінің шеберлігін, біліктілік деңгейін көрсете алады. Ал, біліміне сенімді маманның ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдыра алары анық.

Қазір мектептен толыққанды білім ала алмағандықтан ақылы орталықтарға, репетитор көмегіне жүгінетін оқушылар көбейді. Ал, ата-аналардың барлығының бірдей балаларын ақылы үйірмелерге беруге жағдайлары жетпейді. Тіпті, мектеп мұғалімдерінің өзі репетиторға беру керектігін ашық айтатын болды. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Мектепте кез-келген балаға бірдей жағдай жасалып, білім де бірдей берілуі тиіс. Бұл мәселе қала мен ауыл мектептерінде тең дәрежеде болуы керек. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысының кезкелген ауданының мектебіндегі жағдай бірдей болуы қажет. Бірақ, бүгінде Нұр-Сұлтандағы мектеп пен аудандағы мектептің айырмашылғы жер мен көктей екені бәріне мәлім. Ал, тиімді білім беру жүйесінде мұндай айырмашылық болмауы тиіс. Соның кесірінен мүмкіндігі бар ата-ана баласын қосымша орталықтар мен репетиторларға беретін болды. Өйткені, олар «Балам қосымша білім алса, танымал ЖОО-да білім алады. Жақсы қызметке орналасады» деген ойда. Қазір де осылай ойлайтындардың қатары көп. Бұл білім беру жүйесінің, әсіресе мектептің кемшілігі. Әрбір білім ұясы шәкірттің жарқын болашағын қалыптастыруы, келешегіне жол сала білуі тиіс. Сол себепті әр балаға мектеп қабырғасындаақ қалаған мамандығына қол жеткізе алатындай білім берілуі керек. Ендігі меже – жоғарыда атап өткен білім беру сапасында үлкен айырмашылық бар 4 облыста білім сапасын көтеру бағытындағы жұмыстарды іске асыру. Енді осы 4 өңірдегі балалардың өзгелер секілді толыққанды білім алуына ерекше басымдық берілетін болады. – Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз