
ЖаңалықтарҚоғам
Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады
Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, мереке күндері мына рейстер жолға шығатын болады:
- №152/151 Астана-Шымкент, Астанадан 29 желтоқсанда шығады, ал Шымкенттен 30 желтоқсанда;
- №153/154 Алматы-2-Көкшетау, Алматы-2 вокзалынан 28 желтоқсанда шығады, ал Көкшетаудан 30 желтоқсанда;
- №155/156 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 вокзалынан 29 желтоқсанда шығады, ал Арыс-1-ден 30 желтоқсанда;
- №501/502 Алматы-2-Семей, Алматы-2 вокзалынан 24 желтоқсанда, Семейден 25 желтоқсанда;
- №504/503 Қарағанды-Жезказған, Қарағандыдан 29 желтоқсанда шығады, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда.