img 20191004 wa0002

Мерейі тасыған муай-тайшылар (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/11 қазан, 2019 жыл. Түркия елінің Анталия қаласында муай-тай спортынан балалар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп, бұл байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрамасы  5 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль иемденді. 

Әлем додасына 65 мемлекеттен 1360 спортшы қатысып, тартысты кездесулер  сегіз  күнге созылды.  Жарыс қорытындысындақазақстандықтар жалпыкомандылық есепте алтыншы орынға тұрақтады.  Жерорта теңізі жағалауына барған ел құрамасы сапында  атыраулықтар да болып, 10-11 жас аралығында өнер көрсеткен муайтайшылар Алан Жүсіпов (44 келі)  пен  Рамазан Қайратұлы (46 келі)  барлық бәсекелерінде де қарсыластарынан  басым болып «Әлем чемпионы» атағына ие болды. Ал, 12-13 жас аралығында сынға түскен Азиза Құрманғалиева (52 келі)   жеңіс тұғырының үшінші сатысынан табылды.

Көк байрағымыздың биікке көтеріліп, әнұранымыздың шырқалуына  себепші болған саңлақтарымызды олардың туыстары мен атыраулық спортшылар Атырау халықаралық әуежайында салтанатты жағдайда күтіп  алды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

m1
img 20191011 wa0009
m2
img 20191004 wa0004
img 20191011 wa0202
img 20191011 wa0201

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған