«Мен Қазақстанның жаңарғанын қалаймын!»
Атырау өңірінің белсенді жастарының бірі ретінде бүгін мен өзімнің сайлау учаскеме келіп, дауыс бердім. Бұл ісімді мен тек өзімнің азаматтық борышым ретінде емес, Қазақстанның жаңа дәуірінің басталуына қосқан үлесім деп есептеймін.
Жасыратыны жоқ, қаңтар оқиғасынан кейін жастар елдің саяси өмірінде белсенділік танытатын болды. Менің замандастарым бұрынғыдай селқостықтан арыла бастады.
Осы сайлауда менің ерекше назарымды аударғаны – дауыс беру бюллетеніне «Барлығына қарсымын» деген тармақтың қосылғаны. Егер дауыс беруге келген адам әлі де өз үміткерін таңдамаған болса немесе көңілі толмаса, бюллетенде осы тармақты таңдауға құқы бар. Бұл – демократиялық қоғамның қалыптасуы жолындағы назар аударарлық қадам деп білемін.
Абай Әміров,
lifestyle блогер