Боранқұл кен орнында жатақхана өртенді

1 17 Жаңалықтар

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» филиалының басшылығы барды, ұлттық компанияда жедел штаб құрылды.

Маңғыстау облысында Боранқұл кен орнындағы жатақханадан өрт шықты. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай 6 қыркүйек елорда уақытымен шамамен сағат 04.55-те болды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» компаниясына қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақхана өртенген.

«Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудан екі адам көз жұмды, үш адам жарақат алды», – делінген хабарламада.

Қазір өрт сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Оның құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз