Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағандар жауаптылықтан босатылмайды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты. Осы ретте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Динара Китенбаевамен Атырау облысы Әділет департаментінің қызметшілеріне құқықтық оқыту дәрісі өткізілді.

Құқықтық оқыту барысында, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына енгізілген өзгерістер, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары және қолданыстағы заңнама талаптарына түсіндірме берілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының  26-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.

Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 2124 және 25 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.

         Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің уәкілетті адамы:

         1) қызметтік тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау үшін негіз болып табылатын материалдар мен мәліметтерді уақтылы береді;

         2) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін жан-жақты және объективті қарау үшін өзге де жәрдем көрсетеді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы атап өтілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button