Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда өткен жылы 120 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

6183c0aa31841668016691 Жаңалықтар

2022 жылы Атырау облысында 120 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның 68,3 миллиард теңгесі мал шаруашылығына тиесілі болса, 49,1 миллиарды – егіншіліктің еншісінде .

Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі – 100,8 пайыз. Саладағы барлық құрылымдардың саны 3240-тан асыпты. Оның 2 мыңы шаруасын тұрақты және табысты жүргізіп келеді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Бағдат Рүстемовтің айтуынша, өткен жылы облыста сиырдың саны 195,3 мың, ұсақ жандық 616,6 мың, түйе 36,3 мың және жылқы 107,7 мың басқа жетіп, түліктің барлық түрінен де өсім байқалды. Төрт түліктен өндірілген өнім көлемі де айтарлықтай ұлғайған. Атап айтқанда, тірілей салмақта 48,9 мың тонна ет, 65,4 мың тонна сүт, 21,2 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Қазір облыста асыл тұқымды түлік өсірумен шұғылданатын 42 шаруашылық бар. Оның 23-інде сиыр, 10-ында қой, бесеуінде жылқы және төртеуінде түйе бағылады. Бұлардың әрқайсысының ортақ табысқа қосып отырған үлестері қомақты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз