Мемлекеттен тиесілі қолдауды алмаған азаматтар анықталып жатыр

f77feb7c 2787 4afe 8553 f8ed1cff8616 Жаңалықтар

«Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасының басты бағыты – мемлекет қолдауына мұқтаж жандарды анықтау. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен облыстық штаб жиынында айтылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

– «Отбасының цифрлық картасы» өткен жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылды. Содан бері жауапты мамандар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алуға тиесілі азаматтардың деректерін жинақтап, ескірген ақпараттарды жаңартып жатыр. Бұл жұмыстарды бірігіп жалғастырып, жүйелі түрде тұлғалардың деректері туралы «ақпарат көзін» қалыптастыруымыз қажет. Нәтижесінде азаматтарға тиесілі мемелкеттік қолдауды толық көрсете аламыз,- деді басқарма басшысының орынбасары Көңілқос Орысбаев. 

Оның сөзінше, бүгінде бұл жүйеге мемлекеттік жәрдемақылардың 9 түрі және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметтері енгізілген. Осы аталған қызметтер бойынша 2129 адамға смс-хабарлама жолданып, 953 адам ақпаратын растаған. Осылайша өткен жылы 628, ал биыл 328 адамға ешқандай құжатсыз проактивті түрде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып отыр. 

Айта кетейік, бұл жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Мәселен, өткен жылы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі енгізілген болса, биыл әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер қосылады. Ал, келер жылы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз