IPHONE 15 және сертификаттар табысталды (+Видео)

img 4477 Жаңалықтар

«Атырау» газетіне бір жылға жазылушылар арасындағы ұтыс ойынының басты жүлдесі IPHONE 15 иесіне табысталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

IPHONE 15-тің иесі – Атырау қаласының тұрғыны Маржан Акимова.  Ол отыз жылдан бері Атырау облысының статистика департаментінде жұмыс істейді. Облыстың бас газеті «Атырауға» жыл сайын жазылып келеді.

ajf
https://youtube.com/shorts/hEkIgw26bTM?si=IBnG_UUuMXxyAHe1


-Осы жолы да газетке жылдағы дәстүр бойынша 12 айға жазылдым. Бірақ, ұтыс ойыны өтіп жатқанын білген жоқпын. 29 желтоқсаннан бастап таныстарым «Аты-жөнің айфон ұтқандар қатарында» деп звондап құттықтап жатыр. Өмірімде алғаш рет ұтысты болып отырмын. Бұрын ешқандай ұтыс дегенге сенбейтін едім. Бұйырмыс деген қызық екен. Ойламаған жерден ұтысты болып, балаша қуанып тұрмын», дейді газеттің тұрақты оқырманы Маржан Акимова.

ajfon8
ajf 9

Сондай-ақ, бүгін «Атырау» шипажайына жолдама алған қос оқырман Атырау қаласының тұрғыны Бекбала Ақылбеков пен Исатай ауданы, Аққыстау селосынан Қуанышкерей Құспановқа да салтанатты жағдайда сертификаттары табысталды.

ajfon 1

Оқырмандарымызды ұтыстарымен құттықтаймыз!

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз