
ЖаңалықтарСаясатФОТОГАЛЕРЕЯ
Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды
Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды.
«Ақорда» сайтының хабарлауынша, Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді.






