img 20200202 130927 896

Қытаймен арадағы тауар қозғалысы тоқтаған жоқ: министр Бақыт Сұлтанов өтініш жасады

Жаңалықтар Экономика

 Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл.   Қазақстан мен Қытай арасында тауар қозғалысы тоқтаған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Тұтынушыларға өтінішіміз бар. Қазір бірқатар тауар сатушы Қытаймен шекара жабылды деген желеумен азықтүлік бағасын көтере бастағаны туралы ақпарат түсіп жатыр.

Осыған орай, Қазақстан тауарлар қозғалысының Қытайдан да, Қытайға да тоқтамағанын хабарлағым келеді. Бұл тек бизнестің жосықсыз әрекеті, олар оны бағаны көтеру үшін қолданады«, – деді Сұлтанов.

Министр қазақстандықтардан базарлар мен сауда орындарында бағаның өскеніне куә болса, жедел желі арқылы хабарласуды сұрады.

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

photo 306954

Соңғы деректер бойынша, коронавирусты 20 мыңнан астам жұқтырған, 420-дан астамы көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.


Дереккөз: «Sputnik Қазақстан» 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған