Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мемлекет басшысы Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Atr.kz/5 маусым, 2019 жыл.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. 

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.   

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.  

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді.  

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button