Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы: Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілді

Atr.kz/6 қыркүйек, 2019 жыл. Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілді. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

 «Азаматтық белсенділік ел тағдырына деген жауапкершілік, тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс халқымызды алға жетелейді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алып, еліміздің дамуына тың серпін беру маңызды міндет. Кез келген мемлекеттің өз түйткілі болады. Алға ілгерілеу үшін қордаланған мәселелерді уақытылы шешу керек», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі саяси-әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық дамудың сипаты айтарлықтай өзгеретінін айтты.

«Биылғы сайлау науқаны соны анық көрсетті. Ел өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістерге құбылмалы әлемнің де ықпалы зор екендігін түсінуіміз қажет. Дегенмен, Ұлттық кеңес жұмысының бастауында алдағы жұмыстың өте маңызды әрі түбегейлі сәттерін белгілеп берсем. Біздің күш-жігеріміз дамуға бағытталған болуы тиіс. Мен барлық уақытта шектеулі болуға қарсы болып келемін. Себебі ол танымалдық әкелуі мүмкін. Бірақ еш нәтиже бермейді. Ал бізге жемісті жұмыс қашанда керек. Сондықтан өзімнің Қазақстан халқына Жолдауымда саяси реформаларды алдыға ентелеместен, ойластырып, біртіндеп жүзеге асыратындығымызды баса атап өткен едім. Тарихи дамудың логикасы осындай. Дегенмен, уақыт талабынан қалып қоймау керек. Яғни, реформа реформа үшін емес, қажеттілік үшін. Реформалардың қажеттілігі пісіп-жетілді, ол барлығына да түсінікті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button