Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС болса, мердігері «Өмірзақ» ЖШС. Ал құрылыс монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 10 ай.
-Бұл жұмыстар қаладағы 46 көшені қамиды. Нақтылай кетсек, З.Есенов көшесіне – 595 метр, Арқабаев көшесіне – 1500 метр, С.Иманғали, №66, Б.Момышұлы көшелеріне – 2210 метр, Қуатбаев көшесіне – 505 метр, М.Ығылман көшесіне – 830 метр, Қ.Кенжеғалиев көшесіне – 1000 метр болып белгіленіп отыр. Сондай-ақ, Молдағалиев көшесіне – 1100 метр, №7 мектеп маңы – 420 метр, Б.Шолақ көшесі – 1160 метр, №196 көшеге – 720 метр, С.Дүйсенбекова, П.Бекбосынова көшелеріне – 1580 метр, А.Дүйсенбеков көшесіне – 800 метр, Завершенский көшесіне (Жаңа көпір) – 770 метр. Оған қоса Бойжанов, Ізтұрғанов көшелеріне – 1720 метр, №5 ықшам ауданындағы көпірге – 150 метр, Кенғанов көшесінен Сариев көшесіне дейін – 365 метр, 8 ауылға (Футбол алаңы жанындағы көше) – 480 метр, Өтеулиев көшесі – 400 метр, Аймауытов көшесінен Алтынсарин көшесіне дейін – 425 метр жол түспек. Ал, Аймауытов көшесінен мектепке дейін – 430 метр, Орталық емхана алды – 860 метр, Қымбатжан мен Хан шах арасы – 3071 метр, №9 мектептің алды – 130 метр, Барақатов, Нұрманов көшелеріне – 605 метр жерге жаяу жүргіншілер жолы түсек, – деді Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Жанғазы Еркінов.
Сонымен қатар, М.Кенғанов көшесінен Өтен батыр көшесіне дейін – 640 метр, Н.Аязбаев, №53, 325 көшелеріне – 2210 метр, №62, 63 көшелеріне – 600 метр, З.Балкенжиев көшесіне – 470 метр, Махамбет даңғылына (Базар-Қибат) – 1960 метр жол болмақ. Және осы жоба аясында 5А ықшам ауданына (№224, 225, 226 көшелеріне) – 1160 метр, 5 ықшам ауданына (№12 үйдің артына) – 425 метр, Ы.Алтынсарин (сол жағы) – 1862 метр, №257, 253 көшелеріне – 732 метр, Вокзал алдынан Қобыланды батыр көшесіне дейін – 950 метр жерге өректас төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жүргізіледі.