ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАР ӘР ДАУЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІН АЙТАДЫ

336775365 624728286165562 8280561231257756143 n Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп бүгін №144 сайлау бөлімшесі ретінде таңғы сағат 07:00 ден бастап келушілерге есігін айқара ашты. Таң атысымен өзінің азаматтық позициясын орындауға ағылып жатқан адамдардың қарасы көп. Еліміздегі тарихи күнде аудан басшысы Қанат Әзмұханов пен орынбасары Жарас Есенғалиев және бөлім басшылары да аталған сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ауыл тұрғындарын саяси науқанда дауыс беруге шақырды.


«Бұл сайлау мемлекетіміздің қазіргі жаңа Қазақстан құрамыз деп жатқан реформасына оң әсер етіп, жаңа леп әкеледі деп ойлаймын. Сайлау нәтижесінде елімізде жаңа өзгерістер мен тың идеялар жүзеге асады деп сенемін. Әділетті Қазақстанды әркім өзінен бастауы керек. Әркімнің даусы маңызды»-деді аудан әкімінің орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз