БілімЖаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы басталды

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы жүзеге асуда. Бірінші тамызда бастау алған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

????????????????????????????????????

Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бармаудың алдын алу мақсатын көздейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, осындай шара барысында он жылда елімізде екі миллионнан астам  балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар тарапынан 7,9 млрд. теңгенің қолдауы жасалды.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын шараға белсенді қатысады. Биыл аталған министрлік еліміздің барлық азаматтары мен кәсіпкерлерін акцияға өз үлестерін қосуға шақырады. Қатысуға тілек білдірушілердің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8 (7172) 74-21-40 телефонына немесе облыстық білім беру басқармасының 8 (7122) 27-09-37 «жедел желі» нөміріне хабарласуларына болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button