Жарнама
Жаңалықтар

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы өседі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

— 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде», — делінген құжатта.

Қауылы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру — аталған саланы таңдайтын жастар қатырының көбеюіне және мұғалімінің беделін арттыруға ықпал етпек.

«Жобаның мақсаты — педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады», — деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.

Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button