Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарМедицина

Мектеп оқушысы атасы үшін өкпені жасанды желдету құрылғысын қолдан жасап шығарды (+ВИДЕО)

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Ислам Жалғасбай есімді маңғыстаулық оқушы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығын оңалту үшін қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасады.

Бұл туралы Inaktau.kz хабарлады. 8-сынып оқушысының 62 жастағы атасы екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қарияның денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарына оны үйіне алып кетуді ұсынған.

«Жағдайы ауыр еді. Оны үйге алып келгеннен кейін де үміт үзбей күресуге шешім қабылдадық. Інімнің баласы Ислам YouTube желісінен бейнеролик көріп, өз бетінше өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығаруды ұйғарды», – дейді отбасының туысы Рахат Тұрғанов.

Осылайша, сегізінші сынып оқушысының қодан жасап шыққан аппараты кәдеге жарап, атасының өмірін сәл де болсын жеңілдетуге септігін тигізді.

«Ислам жасап шығарған аппаратпен атамыз тағы бірнеше күн өмір сүрді. Алайда, өкінішке қарай, одан айырылып қалдық», – дейді Р.Тұрғанов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button